Бағдарламалық жасақтама жаңартуын мақұлдау және қабылдамау

Жаңартуларды орнату тапсырмасының параметрлері, орнатылуы тиісті жаңартуларды мақұлдауды талап етуі мүмкін. Орнату қажет болған жаңартуларды растай аласыз немесе орнатылмауы тиісті жаңартулардан бас тарта аласыз.

Мысалы, сіз алдымен жаңартуларды сынақ ортасында орнатуды тексеріп, олар құрылғылардың жұмысына кедергі келтірмейтіндігіне көз жеткізіп алып, содан кейін осы жаңартуларды клиент құрылғыларына орната аласыз.

Үшінші тарап бағдарламаларының жаңартуларын орнатуды басқару үшін Расталды күйін қолдану, жаңартулардың аз саны үшін орынды болып саналады. Үшінші тарап бағдарламаларының бірнеше жаңартуларын орнату үшін, Қажетті жаңартуларды орнату және осалдықтарды түзету тапсырмасында конфигурациялауға болатын ережелерді қолданыңыз. Расталды күйін, ережелерде көрсетілген өлшемшарттарға сай келмейтін жаңартулар үшін ғана белгілеу ұсынылады. Жаңартулардың көп санын қолмен растау кезінде, Басқару серверінің өнімділігі төмендеп, бұл Басқару серверінің артық жүктелуіне әкелуі мүмкін.

Бір немесе бірнеше жаңартуды растау немесе болдырмау үшін:

  1. Консоль ағашында Кеңейтілген → Бағдарламаларды басқару → Бағдарламалық жасақтама жаңартулары түйінін таңдаңыз.
  2. Бағдарламалық жасақтама жаңартулары қалтасының жұмыс аймағында жоғарғы оң жақтағы Жаңарту сілтемесі арқылы өтіп, жаңартулар тізімінің жүктелгенін күтіңіз. Жаңартулардың тізімі көрсетіледі.
  3. Растау немесе қабылдамау қажет болған жаңартуларды таңдаңыз.

    Таңдалған нысанмен жұмыс істеу блогы жұмыс аймағының оң жағында көрсетіледі.

  4. Таңдалған жаңартуларды растау үшін Жаңартуды растау күйі ашылмалы тізімінен Расталды тармағын таңдаңыз немесе таңдалған жаңартуларды қабылдамау үшін Қабылданбады тармағын таңдаңыз.

    Әдепкі бойынша, Анықталмаған мәні көрсетілген.

Расталды күйі белгіленген жаңартулар орнату кезегіне қойылады.

Қабылданбады күйі белгіленген жаңартулар, бұған дейін орнатылған құрылғылардан жойылады (бұл мүмкін болса). Сондай-ақ, олар құрылғыларға кейінірек орнатылмайды.

"Лаборатория Касперского" бағдарламаларына арналған жаңартулардың кейбірін жою мүмкін емес. Оларға Қабылданбады күйін белгілеген болсаңыз, Kaspersky Security Center бағдарламасы осы жаңартуларды бұған дейін орнатылған құрылғылардан жоймайды. Мұндай жаңартулар болашақта құрылғыларға ешқашан орнатылмайды. "Лаборатория Касперского" бағдарламаларына арналған жаңартулар жойыла алмаса, бұл сипат жаңарту сипаттары терезесінде көрініп тұрады. Бөлімдер тақтасынан Жалпы тармағын таңдаңыз, сонда сипат жұмыс аймағының Орнату кезіндегі талаптар бөлімінде көрсетіледі. Үшінші тарап бағдарламалық жасақтамасының жаңартулары үшін Қабылданбады күйін белгілеп жатсаңыз, бұл жаңартулар орнатылуы жоспарланған, бірақ әлі орнатылмаған құрылғыларға орнатылмайды. Жаңартулар әлдеқашан орнатылған құрылғыларда қала береді. Оларды жою қажет болса, мұны жергілікті түрде қолмен орындай аласыз.

Сондай-ақ, қараңыз:

Сценарий: "Лаборатория Касперского" бағдарламалары мен дерекқорларын үнемі жаңартып тұру

Сценарий: Үшінші тарап бағдарламаларын жаңарту

Басына оралу